Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Харьков пен Владивосток арасында қатынайтын поезды тексерген кезде «Петропавловск-темір жол» өткізу бекетінің шекарашылары Қазақстан азаматын ұстады. «Оны тұтқындауға басты себеп — декларацияда көрсетілмеген 9900 АҚШ долларының табылуы», деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті