Солтүстік Қазақстан облысында сот төрағасының үстінен пара алғаны үшін қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында сот төрағасының үстінен пара алғаны үшін қылмыстық іс қозғалды

Солтүстік Қазақстан облысында сот төрағасының үстінен пара алғаны үшін қылмыстық іс қозғалды

ҚР Бас прокуратурасы пара алу үстінде қолға түскен Солтүстік Қазақстан облыстық ауданаралық мамандандырылған экономикалық соттың төрағасы, судьясы мен сот администраторының міндетін атқарушының үстінен қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы журналистерді Солтүстік Қазақстан облыстық экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің төрағасы Нұрлан Нұрғазин құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Петропавлдан.

  • 18 Ақпан 2005
  • 393
Фото - Caravan.kz

Н.Нұрғазиннің айтуынша, күдіктілер экономикалық сотқа Солтүстік Қазақстан облысындағы бір аудандық әкімшілікке қарсы 2,2 млн. теңгенің талап шағымын түсірген бір шаруа қожалығының басшысынан пара талап еткен. Сот төрағасы арызданушының пайдасына шешім шығару үшін 450 мың теңге сұрапты. Ал сот процессі аяқталғаннан кейін, сот администраторының міндетін атқарушы қожалық төрағасынан талап етілген ақшаны жауапкерден өндіріп алуға ықпал жасау төлеміне 500 АҚШ долларын талап етеді. Осыдан кейін шағым иесі қаржы полициясының көмегіне жүгінді. 7-ақпанда екі шенеунік те өз жұмыс бөлмелерінде пара алып жатқан жерінен ұсталды.

Н.Нұрғазиннің айтуынша, сот төрағасы, сот процессін жүргізген судья мен сот администраторының міндетін атқарушының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің «пара алу» жөніндегі 311-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір облыста Бас прокуратура, қаржы полициясы мен ҰҚКД-нің қызметкерлерінен құралған шұғыл тергеу тобы жұмыс істеуде.

Перейти к новостям спорта