Солтүстік Қазақстан облысында тұмау дертінің таралуына байланысты бірнеше мектепте сабақ тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында тұмау дертінің таралуына байланысты бірнеше мектепте сабақ тоқтатылды

Солтүстік Қазақстан облысында тұмау дертінің таралуына байланысты бірнеше мектепте сабақ тоқтатылды

Солтүстік Қазақстан облысында тұмау эпидемиясы белең алуына байланысты үш ауылдық мектепте бір аптаға карантин жарияланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне мемлекеттік тазалық-індет бақылауы департаментінің эпидемиологиялық бөлімі бастығының міндетін атқарушы Фарида Мұхамеджанова хабарлады.

  • 20 Қаңтар 2004
  • 452
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, соңғы үш аптада ауруханалар мен емханаларға келген 1722 адамға тұмау диагнозы қойылды. Өткен аптада облыстың үш ауданындағы ахуал тіптен күрделілене түсті. Мамлют ауданындағы ауырғандардың 94 процентін балалар құраса, карантинге жабылған екі мектепте қазіргі жағдаймен жалпы оқушылардың 36,5% және 34%-і ауру жұқтырған. Соңғы екі аптада М.Жұмабаев атындағы ауданда тұмауға шалдығуға қатысты 182 оқиға тіркелсе, олардың 133-і балалар.

Облыс бойынша тұмауға шалдығу көрсеткіші эпидемиялық сатыға көтеріле қоймағанымен (әрбір 1000 адамға 25,5 оқиға), дәрігерлер осы аптада жағдай тіптен ушығады (әсіресе Петропавл қаласында) деген болжам айтуда. Ф.Мұхамеджанованың хабарлауынша, тек соңғы үш күнде облыс орталығында тұмауға шалдыққан 20 адам тіркелді. Ауырғандардың барлығы да балалар.

Соңғы жаңалықтар