Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үй салу қарқыны 3,5 есе артты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үй салу қарқыны 3,5 есе артты

Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үй салу қарқыны 3,5 есе артты

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Анатолий Смирнов жаңадан салынып жатқан 60 пәтерлі, жалпы ауданы 3000 шаршы метрлік жаңа тұрғын үйдің құрылысын аралап көрді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат департаментінен хабарлады.

  • 28 Шiлде 2003
  • 484
Фото - Caravan.kz

Биыл күзде пайдалануға берілетін 5 қабатты үйдің құрылысы осыдан 10 жыл бұрын тоқтап қалған болатын. Құрылыс жұмыстарын одан әрі жалғастыру жөніндегі тендерді «Имсталькон» ЖАҚ жеңіп алып, тұрғын үйді салу 2003-жылдың маусымында қайтадан жанданды. Жобаның құны 100 млн. теңгені құрайды.

Нысанды аралаған А.Смирновтың хабарлауынша, биылғы жылы Петропавловск қаласында 17000 шаршы метр, ал жалпы облыс бойынша 40000 шаршы метр тұрғын үй салынады. Ал өткен жылы облыста 9000 шаршы метр үй пайдалануға берілген. Әкімнің айтуынша, алғашқы жарты жылдықта облыстағы тұрғын үй салу қарқыны 3,5 есе артқан.
Салынып жатқан тұрғын үй қараша айының соңында пайдалануға берілуі тиіс. Ондағы пәтерлер соғыс және еңбек ардагерлеріне, халықтың әлеуметтік аз қорғалған бөлігіне беріледі.

Соңғы жаңалықтар