Солтүстік Қазақстан облысында түрме басшысы мен оның орынбасары пара алып жатқан жерінен қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында түрме басшысы мен оның орынбасары пара алып жатқан жерінен қолға түсті

Солтүстік Қазақстан облысында түрме басшысы мен оның орынбасары пара алып жатқан жерінен қолға түсті

ҚР ҰҚК-нің Солтүстік Қазақстан облыстық департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру шаралары нәтижесінде ЕС-164/9 түзету мекемесі бастығының міндетін атқарушы мен оның орынбасарын пара алып жатқан жерінен қолға түсірді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ҰҚК-нің Солтүстік Қазақстан облыстық департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Шiлде 2004
  • 439
Фото - Caravan.kz

Абақты Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Ольшанка ауылында орналасқан.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тұтқындалған түрме қызметкерлері бас тартқан жағдайда жаза мерзімін ұзартамыз деп бопсалап, бір сотталған азаматтан пара талап еткен. Күдіктілер түрме басшысының орынбасарының жұмыс бөлмесінде пара алу үстінде қамауға алынды.
Олардың үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің «пара алу жөніндегі» 311-ші бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Перейти к новостям спорта