Солтүстік Қазақстан облысында тұзды заңсыз өндіру дерегі әшкереленді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында тұзды заңсыз өндіру дерегі әшкереленді

Солтүстік Қазақстан облысында тұзды заңсыз өндіру дерегі әшкереленді

ПЕТРОПАВЛОВСК. 31-қазан. Kazakhstan Today. Солтүстік Қазақстан облыстық тәртіп сақшылары "Браконьер" шарасын өткізу барысында заңсыз кәсіпкерлікке қатысты оқиға - тұзды заңсыз өндіру дерегін әшкереледі. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 31 Қазан 2006
  • 588
Фото - Caravan.kz

Облыстың ең шеткері өңірі -Уәлиханов ауданындағы Жақсы тұз көлінде бірнеше жылдан бері заңсыз тұз өндіріліп келген. «Кәсіпкерлерде көлде тұз бар немесе жоқтығын анықтау үшін барлау жүргізуге ғана рұқсат болған. Ал іс жүзінде жұмыс үлкен қарқынмен жүргізілгендігі аңғарылады: жұмысшылардың тұздан жасаған қоры көлде күн сайын 250-300 қап тұз өндірілгенін дәлелдейді. Алайда, осынау кәсіпкерләк әрекеттен ауданға бір тиын да салық түспеген»,- деп хабарлайды полиция. Жеті адамнан құралған топ бір қап тұз үшін 20 теңге алып жұмыс істеп келген.

Бұл дерекке қатысты іс материалдары қаржылық полицияға тапсырылды. Олар мемлекетке келген шығынның көлемін анықтаумен бірге заңсыз өндірілген тұздың қайда кетіп жатқанын анықтайды. Алдын-ала мәлімет бойынша, тұз әріқарай өңдеу үшін Ақмола облысының Степногорск қаласына жөнелтіліп отырған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта