«Іздестіру» шарасының қорытындысы бойынша облыста 95 қылмыс тіркелді, соның ішінде 12 жаңа түсімнен астық ұрлау оқиғасы, 6 мал ұрлау оқиғасы, 4 тонаушылық, заңсыз қару сақтау жөніндегі 1 оқиға, суық қаруды заңсыз сақтауға қатысты 2 оқиға, заңсыз есірткі айналымына қатысты 13 оқиға, 2 алаяқтық оқиғасы, 1 экономикалық қылмыс тіркелді.
Шара басталған кезде іздестіру жарияланған 149 қылмыскердің 36-сы, соның ішінде 3 кісі өлтіргіш пен бұрындары іздеу жарияланған 3 қылмыскер ұсталды. Із-түзсіз жоғалуға байланысты іздеу жарияланған 80 адамның 20-сы табылды.
Петропавл ІІБ-ның қылмыстық іздестіру бөлімінің қызметкерлері бұған дейін танылмай келген 4 өлген адамның аты-жөнін анықтады. Қалалық және аудандық ішкі істер бөлімдері ертеректе жасалған 18 қылмыстың бетін ашты. Аудандық бөлімшелердің арасынан Тимирязев, Қызылжар аудандық ІІБ мен Ғ.Мүсірепов атындағы аудандық ішкі істер бөлімі саңлақ ретінде танылды. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен хабарлауынша, облыстағы «Іздестіру» операциясының ұйымдастырылуы мен қорытындысына ҚР ІІМ жоғары баға берді.