Солтүстік Қазақстан облысында үстіміздегі жылы 800 мың гектар бидай алқабы түрлі ауруларға шалдықты - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында үстіміздегі жылы 800 мың гектар бидай алқабы түрлі ауруларға шалдықты

Солтүстік Қазақстан облысында үстіміздегі жылы 800 мың гектар бидай алқабы түрлі ауруларға шалдықты

Солтүстік Қазақстан облысында үстіміздегі жылы 800 мың гектар бидай алқабы түрлі деңгейде ауруларға шалдықты. Небәрі 262,2 мың теңгеге ғана алқаптарды өңдейтін фунгицидтер сатып алынған. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық басқармасының өсімдік қорғау бөлімінің бастығы Юрий Коломеец хабарлады.

  • 3 Желтоқсан 2003
  • 611
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысында егістік алқаптарға арам шөп шығу тауқыметі де кездеседі. Алдағы жылы жарты миллионға жуық алқапты гербицидтермен өңдеу көзделіп отыр. Ю.Коломеецтің айтуынша, бұл мақсатқа 88,6 мың гектарды өңдеу үшін мемлекеттен субсидия бөліп, «Авадекс» деп аталатын препарат сатып алу жоспарда бар. Сондай-ақ, күзден бері 396,4 мың гектар алқап арам шөптен тазарту үшін лущильникпен өңделді. Бұған қоса 2004-жылы субсидия есебінен дәнді дақылдардың вегетациялық маусымында алқаптарды өңдеу үшін препараттар алу, сондай-ақ, ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің өз есебінен басқа да препараттар алып пайдалану көзделген.