Солтүстік Қазақстан облысында жанармай бағасы тағы да қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында жанармай бағасы тағы да қымбаттады

Солтүстік Қазақстан облысында жанармай бағасы тағы да қымбаттады

Солтүстік Қазақстан облысында жанармай бағасы тағы да қымбаттады. Бұл -аймақтағы автокөлік жанармайының соңғы бірнеше айда осымен төртінші мәрте қымбаттауы. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің облыстық департаментінің директоры Олег Пономарев хабарлады.

  • 5 Қараша 2003
  • 583
Фото - Caravan.kz

Бұл өңірде тек дизельдік отынның бағасы ғана ақпан айынан бері бір литріне 37 теңгеден аспай өзгеріссіз қалды. Осы мерзім ішінде жанармайдың барлық түрлерінің бағасы 5-8 теңгеге қымбаттады. Қазір Аи-96 жанармайының құны литріне 58 теңгені, Аи-92 жанармайының бағасы 53 теңгені, Аи-76 жанармайының бағасы 41-42 теңгені құрап отыр.

О.Пономарев қалыптасқан ахуалға байланысты төрт себепті атады. Біріншіден, бұл — Солтүстік Қазақстан облысына әкелінетін жанармайдың 92 процентін иемденетін Ресейде мұнайды сатып алу бағасының қымбаттауына байланысты. Екіншіден, қыркүйек айында Ресейлік фирмалар мен Солтүстік Қазақстандық жанармай қамтамасыздығы жөніндегі ірі компаниялардың арасында Аи-76 жанармайымен қамтамасыз ету жөніндегі жаңа келісімге қол қойылған. Соған сәйкес, жанармайдың бұл түрі Солтүстік Қазақстан облысында көлік шығынын есептемегенде, бір тоннасы 300 долларға, басқаша айтқанда, бұрынғыдан 8 процент қымбатқа сатылатын болды. Үшіншіден, бағаның қымбаттауына облыста қалыптасқан жанармай тапшылығы да әсер етіп отыр : қазіргі жағдаймен ресейлік әріптестер келісімдерде бекітілген көлемнің 60 процентімен ғана қамтамасыз ету жөнінде кепілдік беріп отыр. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысын жанармаймен қамтамасыз етуші ірі компаниялар басқа аймақтарға да жанармай жеткізу туралы келісімге қол қойғандықтан бұл келісімдерді де орындауы тиіс.
Монополияға қарсы департамент директорының айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысы Павлодар мұнай өңдеу зауытынан тек дизельдік отын ғана алады, ал Атырау мұнай өңдеу зауыты мен «ПетроКазахстан ойл продактс» ААҚ-мен облыстың қарым-қатынасы жоқ.
Жанармай бағасының кезекті қымбаттауы әзірге қоғамдық көліктердегі тасымал құнына әсер ете қойған жоқ. Қазіргі жағдаймен троллейбуста бір мәрте қатынау құны 18 теңгені, автобустағы құн 18-20 теңгені, бағытты таксилердегі баға 25 теңгені құрайды.

Соңғы жаңалықтар