Солтүстік Қазақстан облысында жаңа түсімнен 13 тонна астықты ел аумағынан шығарып әкетпекші болған контрабандашы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында жаңа түсімнен 13 тонна астықты ел аумағынан шығарып әкетпекші болған контрабандашы ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында жаңа түсімнен 13 тонна астықты ел аумағынан шығарып әкетпекші болған контрабандашы ұсталды

Түсім жинау науқаны басталғаннан бері еліміздің солтүстігінде астықты ел аумағынан шығарып әкетуге талпыныс жасайтын контрабандашылардың белсенділігі артты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 8 Қыркүйек 2004
  • 436
Фото - Caravan.kz

Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл шекара отрядының учаскесінде жаңа түсімнен 13 тонна астықты ел аумағынан шығарып әкетпекші болған контрабандашы Қазақстан азаматы ұсталды.

Бұл дерекке қатысы іс пен жүк тексеру мақсаттары үшін кеден қызметкерлеріне тапсырылды.
Сондай-ақ, өткен екі тәулікте шекарашылар Қазақстан-Қытай шекарасында еліміздің мемлекеттік шекарасын бұзған Қытайлық 5 азаматты ұстады. Олар еліміз аумағына заңсыз аң аулау үшін енген көрінеді.

Перейти к новостям спорта