Есірткі саудагерлерін ұстау шарасына бірнеше ай бойы тыңғылықты дайындық жүргізілді. Осы мерзімде еліміздің оңтүстік өңірінен есірткі жеткізу шарасын ұйымдастырған бір Петропавл тұрғыны қатаң бақылауға алынды. Операциядан бірнеше күн бұрын Петропавлға пияздың ішіне есірткі жасырып тиеген жүк көлігі келіп жетті.
21-ақпанда ҰҚК-нің облыстық департаментінің қызметкерлері екі жігітті марихуана мен гашишті орап жатқан жерінен қылмыс үстінде қолға түсірді. Олардың бірі — есірткіні тасымалдауға түрткі болған есірткі саудагері.
Қазір ұйымдастырушының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ал оның әріптесі ешқайда кетпеу туралы қолхат беріп босатылды.