Әкімнің пікірінше, мемлекеттік тілді дамыту мен оның нақты жұмыс істей бастауы айрықша маңызды мақсаттардың бірі болмақ. Алайда, кәсіби мамандардың тапшылығы басты қолбайлау себепке айналып отыр. Т.Мансұров жариялаған мәліметке сәйкес, облыстағы барлық 1390 оқытушының 832-сі ғана арнайы педагогикалық мамандық игерген.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі бұл ретте кәсіби мамандарды ынталандыру тетіктерін табу — жергілікті билік өкілдерінің міндеті деп санайды. Әкім осындай мақсатқа аудан қаржысы жетіспеген жағдайда облыстық бюджеттің «көмекке келетінін» атап көрсетті.