Солтүстік Қазақстан облысында жұмыссыздарды кәсіптік дайындау бағдарламасы бойынша 384 адам оқытылды - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-17 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында жұмыссыздарды кәсіптік дайындау бағдарламасы бойынша 384 адам оқытылды

Солтүстік Қазақстан облысында жұмыссыздарды кәсіптік дайындау бағдарламасы бойынша 384 адам оқытылды

Солтүстік Қазақстан облысында 2004-жылы жұмыссыздарды кәсіптік дайындау бағдарламасы бойынша 384 адам жаңа мамандықты тегін игеріп шықты. Бағдарламаны халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті жүзеге асырды. Жаңа кәсіп игергендердің 80 проценті тұрақты жұмысқа орналасуда. Бұл туралы KZ-today тілшісіне департамент маманы Татьяна Токарева хабарлады.

  • 19 Қаңтар 2005
  • 490
Фото - Caravan.kz

Жұмыссыздарды кәсіптік дайындау бағдарламасына бірінші кезекте бірнеше жылдан бері жұмыс таба алмай жүргендер мен аймаққа мемлекеттік квота бойынша келген оралмандар қамтылуда. 2004-жылы бағдарлама аясында 45 оралман мамандық игерді. 2005-жылы бұл санды екі есе арттыру көзделіп отыр. Жалпы алғанда биыл шамамен 500 адам жаңа мамандық игеріп, жұмысқа орналасады. Т.Токареваның айтуынша, бұған қаржыландыру көлемін арттыру есебінен қол жеткізілмек. Бұл бағдарламаны жүзеге асыруға 2005-жылы бюджеттен 10 млн. теңге бөлінеді, ал былтыр 6,3 млн. теңге бөлінген.

Облыстық статистикалық басқарманың мәліметі бойынша, Солтүстік Қазақстан облысындағы тұрғындар саны 2004-жылғы 1-желтоқсандағы жағдаймен 666,7 мың адамды, ал 4-тоқсанда жұмыссыздық деңгейі 8,7 процентті құрады. Экономикалық белсенді тұрғындар арасында жұмыссыздардың иемденетін үлесі 1,6 процентке тең.

Перейти к новостям спорта