Солтүстік Қазақстан облысындағы 47 қырманның небәрі екеуі ғана орақ науқанына дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысындағы 47 қырманның небәрі екеуі ғана орақ науқанына дайын

Солтүстік Қазақстан облысындағы 47 қырманның небәрі екеуі ғана орақ науқанына дайын

Құрамында санитарлық дәрігерлер, өрт сөндірушілер, экология мамандары, энергетиктер мен ауылшаруашылығы мамандары бар арнаулы мекемеаралық комиссия облыстағы қырмандарға тексеру жүргізді. Барлығы 47 қырманынң небәрі екеуі ғана, атап айтсақ, Явленский және Мамлютский қырмандары ғана комиссияның ақ батасын алды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ержан Айнабеков хабарлады.

  • 31 Шiлде 2003
  • 698
Фото - Caravan.kz

Орақ науқанына дайындықтарын дәйектей алмай кешеуілдеп отырғандардың қатарында Қарақоға, Тимирязев және Корнеев қырмандары бар. Е.Айнабековтың айтуынша, егер орақ науқаны басталғанға дейін қырмандардағы кемшіліктер жойылмаса ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық басқармасы олардың астық сақтау жөніндегі лицензиясын кері қайтаруға құқылы. Өткен жылы материалдық-техникалық қамтамасыздық және тазалық деңгейінің осалдығы салдарынан екі қырманның лицензиясы кері қайтарып алынған болатын.

Ал бұған керісінше, Мамлют қырманында жуырда ғана астық сапасын анықтауға арналған жаңа зертхана кешені орнатылды. Е.Айнабековтың айтуынша, жаңа жабдық астықтың ылғалдылық деңгейі, протеин мөлшері, клейковинасы тәрізді 10 көрсеткіш бойынша толыққанды мәліметтерді 1 минуттың ішінде бере алады. Мұндай кешендер биылғы жыл ішінде облыстағы барлық қырмандарда орнатылуы тиіс. Бұл — жыл сайынғы тексеруден өтуге қажетті шарттардың бірі болып табылады.

Соңғы жаңалықтар