Солтүстік Қазақстан облысындағы базарлар басты азық-түлік өнімдерімен толық қамтамасыз етілген - әкім - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысындағы базарлар басты азық-түлік өнімдерімен толық қамтамасыз етілген - әкім

Солтүстік Қазақстан облысындағы базарлар басты азық-түлік өнімдерімен толық қамтамасыз етілген - әкім

Петропавловск. 24 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысындағы базарлар басты азық-түлік өнімдерімен толық қамтамасыз етілген. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кешегі сессиясында облыс әкімі Серік Біләлов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 24 Қыркүйек 2008
  • 491
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, Азық-түлік келісім-шарты корпорациясының қаржысы есебінен 25 мың тонна көлемінде азық-түліктік бидайдың тұрақтандыру қоры жасалған. Тұрақтандыру қорындағы азық-түліктік бидай тек облыстың өз ішінде нан өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында ғана пайдаланылуда.

«Қолданған шаралар тұрақтандыру қорынан алынған бидайдан жасалған бірінші сортты нан бағасын бүгінге дейін бұрынғы деңгейде ұстап отыруға мүмкіндік берді», — деді әкім.

Инфляцияны ауыздықтау мақсатында апта сайын қаладағы үш базарда жәрмеңкелер өткізілуде. «Олардағы баға нарық құнынан 10 — 15% төмен. Ағымдағы жылдың басынан бері 59 жәрмеңке өткізіліп, 200 млн теңгенің азық-түлік өнімдері сатылды», — деді С.Біләлов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар