Солтүстік Қазақстан облысындағы базарларда 2003-жылдың бірінші жартысында азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттау қарқыны баяулады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысындағы базарларда 2003-жылдың бірінші жартысында азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттау қарқыны баяулады

Солтүстік Қазақстан облысындағы базарларда 2003-жылдың бірінші жартысында азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттау қарқыны баяулады

2003-жылдың қаңтар-маусым айларында тұтыным құнының индексі 101,4%-ті құрады.

  • 29 Шiлде 2003
  • 491
Фото - Caravan.kz

Соңғы жылдары тұрақты сипатқа көшкен азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттау қарқынының баяулау ағымы биылғы жылдың бірінші жартысында сақталып, баға 0,5%-ке арзандады.

Жыл басынан бергі тұтыным құны индексінің қалыптасуына жұмыртқа бағасының 30,6%-ке, сүт өнімдері бағасының 12,1%-ке маусымдық арзандауы әсер етті. Сондай-ақ, сары май мен май түрлері бағасының 3,5%-ке, қант пен кондитерлік өнімдердің 2,6%-ке, ет және ет өнімдерінің 1,2%-ке сәл де болса арзандауы тіркелді.
Сонымен бірге өткен жылғыдай жеміс-көкөніс өнімдері бағасының қымбаттау ағымы байқалып, ол инфляция деңгейіне едәуір әсер етті (0,6 проценттік пунктке). Жеміс және көкөніс өнімдері бағасының өсімі жыл басынан бері 13,6%-ті, соның ішінде жемістер бағасы 3,3%-ке, көкөністер бағасы 18,7%-ке қымбаттады.
Нан және жарма өнімдерінің бағасы қымбаттап, 6 айдағы өсім мөлшері 1,9%-ті құрады. Нан бағасы 2%-ке қымбаттады, соның ішінде : жоғары сортты бидай ұнынан жасалған нанның бағасы 7%-ке, қара бидай және бидай мен қара бидай қоспасынан жасалған нан 4,7%-ке қымбаттады.
Нан өнімдері бағасының қымбаттауына астық бағасының көтерілуі әсер етті.
Жарма өнімдерінің бағасы 39,4%-ке, соның ішінде қара құмық бағасы 59,8%-ке, сұлы бағасы 10,6%-ке, жарма бағасы 2,4%-ке, арпа бағасы 1,5%-ке қымбаттады.

Соңғы жаңалықтар