Солтүстік Қазақстан облысындағы бюджеттік ұйымдарда 1 млрд 867 млн теңгенің қаржылық заң бұзушылықтары анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысындағы бюджеттік ұйымдарда 1 млрд 867 млн теңгенің қаржылық заң бұзушылықтары анықталды

Солтүстік Қазақстан облысындағы бюджеттік ұйымдарда 1 млрд 867 млн теңгенің қаржылық заң бұзушылықтары анықталды

Петропавловск. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысындағы бюджеттік ұйымдарда жылдың бірінші жартысында 1 млрд 867 млн теңгенің қаржылық заң бұзушылықтары анықталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Солтүстік Қазақстан облыстық қаржылық бақылау инспекциясы бастығының орынбасары Зина Қапароваға сілтеме жасап.

  • 11 Тамыз 2008
  • 390
Фото - Caravan.kz

«Жылдың бірінші жартысында қаржылық бақылау инспекциясының мамандары 247 бюджеттік ұйым мен мекемені тексерді. Тексерулер нәтижесінде 1 млрд 867 млн теңгенің қаржылық заң бұзушылықтары анықталды», -деді З.Қапарова.

«Жергілікті бюджет бойынша білім беру мекемелерінде 479,6 млн теңгенің, денсаулық сақтау мекемелерінде 215,5 млн теңгенің және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар транспорты мен автокөлік жолдары саласында 153,6 млн теңгенің заң бұзушылықтары анықталды», -деді ол.

Құқық қорғау органдарына 179,2 млн теңгенің 97 инспекциялық материалдары жолданды. Осы материалдардың негізінде 26 қылмыстық іс қозғалып, оның 9 сотқа жолданып, 2 лауазым иесі сотталды.

Сондай-ақ, бюджет қаржысын тиімсіз, орынсыз және мақсатсыз жұмсағаны үшін 150 лауазым иесі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар