Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, «Жаңажол» кеден бекетінде «Бішкек-Екатеринбург» бағыттында қатынайтын автобуспен келе жатқан Тәжікстан Республикасының азаматы кеденшілер назарына іліккен. Тексеру кезінде оның сөмкесінің құпия қалталарының бірінен ақ түсті ұнтағы бар орама табылған.
Сараптама нәтижесінде ол героин екені анықталды.
Белгілі болғанындай, 43 жастағы Душанбе тұрғыны 500 доллар алу үшін есірткіні Ресейге алып өтпек болған. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен хабарлағанындай, «тұтқын бұған дейін де есірткі сақтағаны үшін сотталған».
Осы дерек бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық ІІББ екі қалмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жалғасуда.