Солтүстік Қазақстан облысындағы "Қазпошта" ААҚ филиалындағы тонаушылық оқиғасы әлі әшкереленген жоқ, бірақ, ІІБ-ның басшылығы тергеу барысын дұрыс бағытта деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысындағы "Қазпошта" ААҚ филиалындағы тонаушылық оқиғасы әлі әшкереленген жоқ, бірақ, ІІБ-ның басшылығы тергеу барысын дұрыс бағытта деп санайды

Солтүстік Қазақстан облысындағы "Қазпошта" ААҚ филиалындағы тонаушылық оқиғасы әлі әшкереленген жоқ, бірақ, ІІБ-ның басшылығы тергеу барысын дұрыс бағытта деп санайды

Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылындағы "Қазпошта" ААҚ-ның салалық бөлімшесіндегі 25-ақпанда болған тонаушылық оқиғасы әлі де әшкерелене қойған жоқ, бірақ күдіктілердің бірі ұсталып, тағы бес адам күдікті ретінде танылып отыр. Бұл туралы журналистерге арналған қысқаша баспасөз мәслихатында Солтүстік Қазақстан облыстық ІІБ бастығының орынбасары Александр Меньших хабарлады.

  • 4 Наурыз 2004
  • 417
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, жалпы алғанда бұл іс бойынша тергеу барысын оң бағалауға болады.

А.Меньших журналистерге қылмыстық істің егжей-тегжейін хабарлады. Тонаушылық шыққан күні филиал ғимаратында үш қызметкер мен күзетші болған. Тонаушыларға есікті күзетші ашса керек. Бастарына протовогаз киген екі адам күзетші мен бір қызметкер әйелді соққыға жығып, бюджеттік ұйым қызметкерлерінің жалақысы мен жәрдемақыға арналған 5 млн. теңгені алып кеткен. Әл үстіндегі күзетші мен соққыға жығылған әйел қазір ауруханада жатыр. Қазіргі жағдаймен, басты күдікті ретінде филиалдың бір қызметкері қамауға алынды.
А.Меньших оқиғаға басты себеп ретінде қорғаныс жүйесінің сенімсіздігімен қоса басқа да тәртіп бұзу оқиғаларын атады. Мәселен, дабыл жүйесінің тетігі басқа бөлмеде орнатылған, сондай-ақ, үлкен көлемдегі ақша сейфте емес, сөмкеде сақтаулы тұрған. Күдіктілердің бірі ұсталғанына қарамастан, тоналған ақша күні бүгінге дейін қылмыскерлер қолында қалып отыр. А.Меньших қолды болған 5 миллион теңге облыс аумағынан шыққан жоқ дегенге үміт білдірді.

Соңғы жаңалықтар