Солтүстік Қазақстан облысындағы "Қазпошта" ААҚ-ның бөлімшелеріне жаңа автокөліктер табыс етілді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысындағы "Қазпошта" ААҚ-ның бөлімшелеріне жаңа автокөліктер табыс етілді

Солтүстік Қазақстан облысындағы "Қазпошта" ААҚ-ның бөлімшелеріне жаңа автокөліктер табыс етілді

8-қыркүйек, сәрсенбіде Петропавлдағы орталық алаңдардың бірінде "Қазпошта" ААҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының аудандық бөлімшелерінің жетекшілеріне жаңа автокөліктердің кілттерін табыс ету рәсімі өтті. Шара ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында жүзеге асырылып отыр, деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 9 Қыркүйек 2004
  • 453
Фото - Caravan.kz

Жолсыздық азабын тартып, сенімді көлікке зәру болып отырған ауыл пошташыларына барлығы 14 автокөлік — 10 УАЗ және 4 Нива, ал облыс орталығындағы байланыс бөлімшелеріне 4 «Жигули» автокөліктері табыс етілді.

«Қазпошта» ААҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры Нұржан Қабиевтің айтуынша, жыл соңына дейін құрылымдық бөлімшелерге тағы 4 автокөлік беріледі. Бөлімшелерді техникамен толық қамтамасыз ету үшін тағы 30 автокөлік қажет.
«Қазпошта» қызметкерлеріне жаңа автокөліктердің кілттерін табыс еткен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ерік Нұрақаев елді мекендер тұрғындарын ақпаратпен толыққанды қамтамасыз етудің маңызы арта түскен ҚР парламенті мәжілісінің сайлау қарсаңындағы дәл қазіргі сәтте бұл оқиғаның маңызын асыра бағалау мүмкін емес деп атап көрсетті. Ол сондай-ақ, ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру барысында фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер, ауыл әкімдері мен полицияның учаскелік инспекторлары да темір тұлпарлармен қамтамасыз етілгенін жеткізді.
Ал таяу уақыттарда жүзеге асырылуы тиіс басты мақсат — ауылдық байланыс тораптарын компьютерлермен қамтамасыз ету болмақ. Бұл көрсетілетін қызметтер желісін ұлғайтуға және оны жаңалауға мүмкіндік береді.

Перейти к новостям спорта