Солтүстік Қазақстан облысындағы Тұзды көлде 50 тонна балық қырылып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-11 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысындағы Тұзды көлде 50 тонна балық қырылып қалды

Солтүстік Қазақстан облысындағы Тұзды көлде 50 тонна балық қырылып қалды

Солтүстік Қазақстан облыстық Мемлекеттік эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары 20-тамызда 50 тоннадан астам барлық балық қоры қырылып қалған Тұзды көлдің суына тексеру жүргізуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Солтүстік аймақтық балық инспекциясының маманы Вера Пальянова хабарлады.

  • 5 Қыркүйек 2003
  • 820
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, балықтың жаппай қырылуына биылғы аймақтағы бұрын-соңды болмаған аптап ыстық әсер етуі мүмкін, оған себеп, судың көп мөлшерде булануы көл суындағы тұз концентрациясының шұғыл артуына апарып соққан. Су мен балықтарға жүргізілген алғашқы химиялық зерттеулер нәтижесінде көл суынан улы заттар мен жұқпалы аурулардың қоздырғышы табылған жоқ. Бірақ, көл суында нитраттар, хлоридтер мен сульфаттардың молдығы анықталды.

4-қыркүйек, бейсенбіде көл суы мен балықтардан алынған сынамалар облыстық Мемлекеттік эпидемиологиялық қадағалау басқармасына тапсырылды. Ақырғы зерттеу қорытындысы дүйсенбіде дайын болуы тиіс. Егер онда балықтардың химиялық улану дерегі айқындалса, іс материалдары табиғат қорғау прокуратурасына жіберіледі.
Балықтың жаппай қырылу оқиғалары Солтүстік Қазақстан облысында бұған дейін де болған. Ол кезде Қызылжар ауданындағы Якуш көлі мен Айыртау ауданындағы Ақ көлде балық қырылды. Ал Тұзды көл Қызылжар ауданының аумағында орналасқан.