Солтүстік Қазақстан облысындағы "Жаңажол" кеден бекетінде радиациялық жүгі бар автокөлік ұсталды
Астана. 21 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысындағы "Жаңажол" кеден бекетінде радиациялық жүгі бар автокөлік ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданындағы "Жаңажол" кеден бекетінде 20 қазанда радиациялық бақылаудан өту барысында 20 тонна тот баспайтын құрыш тиелген тіркемелі "Мерседес" көлігінің гамма фонының деңгейі "шектелген нормадан счет/фон каналы бойынша: 1,1; нейтрондық канал бойынша - 2,5 екені анықталды".
Жүк Өскеменнен Литваның Лентварис қаласына бет алған. Автокөлік тұраққа қойылып, күзетке алынып, қауіпсіздік белгісі қойылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін