Caravan Logo

Солтүстік Қазақстан облысындағы "Жаңажол" кеден бекетінде ұсталған радиациялық жүк жіберушіге қайтарылды

Солтүстік Қазақстан облысындағы "Жаңажол" кеден бекетінде ұсталған радиациялық жүк жіберушіге қайтарылды

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 28 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында "Жаңажол" кеден бекетінде радиациялық жүк тиелген көлік ұсталды.

ТЖМ мәліметінше, 28 қазанда сағат 13.15-те Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданында "Жаңажол" кеден бекетінде радиациялық бақылау кезінде салмағы 20 тонна тот баспайтын құрыш тиелген тіркемелі "Даймлер-Крайслер" көлігінен гамма-сәуле нормасының 1,4 есе артық екені анықиалды.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, жүкті "Радар" ЖШС (Алматы) жіберген, қабылдап алушы - "Шольц-Рекуглинг" (Германия).