Бұл жерде әңгіме еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысында болып отырғанын ескерткен облыс әкімі аудан әкімдеріне аталмыш тапсырманың орындалуы олардың тікелей жауапкершілігінде екенін еске салды. Ол биылғы егіннің бітік шығуы мемлекеттік қолдауға тікелей қатысты екенін тағы бір ескертіп өтті. Мәселен, тек биылғы жылы Солтүстік Қазақстан облысының шаруаларына көмек ретінде бюджеттен 5 млрд. теңге қаржы бөлінді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, А.Смирнов аудан әкімдерінен мемлекеттік астық сатып алу тапсырмасын 25-қазанға дейін орындауды қатаң талап етті.