Сондай-ақ, Омбы облысына сапары барысында А.Смирнов облыс губернаторы Л.Полежаевпен бірге Петропавлда Ресейдің Қорған, Түмен және Омбы облыстары губернаторларының басын қосу мүмкіндігі туралы, бұл бас қосуда Ресейдегі Қазақстан жылының алғашқы қорытындылары мен келесі жылы Қазақстандағы Ресей жылын өткізу туралы мәселелерді талқыламақ. А.Қуантаевтың айтуынша, осындай кездесу өткізуге бұған дейін Қорған және Түмен облыстарының губернаторлары келісімін берген көрінеді.
Омбыға жасайтын сапары барысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Шоқан Уәлихановқа арнап ескерткіш орнату барысымен таныспақшы, ескерткіш Омбы қаласында 16-желтоқсанда ашылады деп күтілуде.