Жарияланды: 330

Солтүстік Қазақстан облысының екі ауданына жаңа әкімдер тағайындалды

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов бірқатар кадрлық өзгертулер жүргізді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Өңір басшының өкімімен Жамбыл ауданының әкімі қызметіне Владимир Николаевич Балахонцев тағайындалды. Балахонцев В.Н. әр жылдарда Есіл ауданының әкімі, СҚО әкімінің орынбасары, Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімі болды. СҚО әкімінің өкімімен Айыртау ауданының әкімі лауазымына Амантай Қаратайұлы Сейфуллин тағайындалды. Сейфуллин А.Қ әр жылдары Қостанай облысы Ұзынқол және Қарасу аудандарының әкімі болды. Осы уақытқа дейін «САД-НҰР» ЖШС атқарушы директоры қызметінде болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін