Солтүстік Қазақстан облысының екі ауданына жаңа әкімдер тағайындалды

Өңір басшының өкімімен Жамбыл ауданының әкімі қызметіне Владимир Николаевич Балахонцев тағайындалды.

Балахонцев В.Н. әр жылдарда Есіл ауданының әкімі, СҚО әкімінің орынбасары, Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімі болды.

СҚО әкімінің өкімімен Айыртау ауданының әкімі лауазымына Амантай Қаратайұлы Сейфуллин тағайындалды.

Сейфуллин А.Қ әр жылдары Қостанай облысы Ұзынқол және Қарасу аудандарының әкімі болды. Осы уақытқа дейін «САД-НҰР» ЖШС атқарушы директоры қызметінде болды.