Министрлік ақпаратына сәйкес, тамыздың 12 мен 16-сы аралығында Талапкер ауылында 122 бас үй құстары қырылған. Республикалық мал дәрігерлік зертханасының мамандары сынамалардан құс тұмауының вирусына қарсы антителоларды тапты.
Қазір аталмыш елді мекенде карантиндік шаралар алынуда. 2034 үй құсының 678-і өлтірілді.