Солтүстік Қазақстан шекарашылары 20 кг болатын героин партиясын ұстады
СҚО шекарашылары сәрсенбі күні жалпы салмағы 20 кг болатын героин партиясын тәркіледі, деп 2032 ә/б командирі Талғат Мамырханов мәлім етті. |
«29-шы маусымда «Қарақоға – автомобильное» шекара бақылау бөлімшесінің жасағы Ресей Федерациясына ВМW-745 автокөлігімен бара жатқан Қазақстан азаматшасын ұстады. Ол шекара арқылы героиннің ірі партиясын алып өтпекші болған», - деді Т. Мамырханов бейсенбі күні.
Оның айтуынша, автокөлікті иісшіл иттің көмегімен тінту кезінде артқы орындықтың арқасынан 1 кг жасырынған героин пакеті табылған.
«Көлікті мұқият тексеру барысында артқы орындық пен жүк бөлігінің ортасында орналасқан құпия жәшіктен жалпы салмағы 20 кг-дай героин тәркіленген», - деді Т. Мамырханов.
Жүргізілген сараптама жүктің героин екенін анықтады. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін