Солтүстік Қазақстан шекарашылары 20 кг болатын героин партиясын ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан шекарашылары 20 кг болатын героин партиясын ұстады

Солтүстік Қазақстан шекарашылары 20 кг болатын героин партиясын ұстады

СҚО шекарашылары сәрсенбі күні жалпы салмағы 20 кг болатын героин партиясын тәркіледі, деп 2032 ә/б командирі Талғат Мамырханов мәлім етті.

  • 30 Маусым 2011
  • 366
Фото - Caravan.kz

«29-шы маусымда «Қарақоға – автомобильное» шекара бақылау бөлімшесінің жасағы Ресей Федерациясына ВМW-745 автокөлігімен бара жатқан Қазақстан азаматшасын ұстады. Ол шекара арқылы героиннің ірі партиясын алып өтпекші болған», — деді Т. Мамырханов бейсенбі күні.

Оның айтуынша, автокөлікті иісшіл иттің көмегімен тінту кезінде артқы орындықтың арқасынан 1 кг жасырынған героин пакеті табылған.

«Көлікті мұқият тексеру барысында артқы орындық пен жүк бөлігінің ортасында орналасқан құпия жәшіктен жалпы салмағы 20 кг-дай героин тәркіленген», — деді Т. Мамырханов.

Жүргізілген сараптама жүктің героин екенін анықтады. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар