«Өңiрде 1 млн га майлы дақылдарға бөлiнген. Биыл 15 мың гектар аумақта соя өсiре бастаймыз. Тұқым бар, арнайы техника алынды. 2020 жылға 150 мың га межесiн қойып отырмыз. Соя топырақты байытады. Соядан кейiн бидай жақсы өседi. Сөйтiп, бiз ауыл шаруашылығын әртараптандырамыз», — дедi Құмар Ақсақалов.
Сондай-ақ өңiр басшысы 40 ауылдың iшiнде 214 шақырым су тарату жүйесiн салуға қосымша қаржының табылғанын атап өттi. Барлығы 400 су құдығы қойылады. Осы жұмыстың арқасында ауыл тұрғындары үшiн ауыз су қол жетiмдi болады. Ауылдарда биыл 500 үй салынады. Өңiр басшысы аудан әкiмдерiне баспана салу жұмыстарын қарқынды жүргiзді тапсырды.