Солтүстік Қазақстанда бір жігіт 3 ауылдасын аңшы мылтығынан жаралаған - kaz.caravan.kz
  • $ 519.57
  • 612.78
+32 °C
Алматы
2025 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстанда бір жігіт 3 ауылдасын аңшы мылтығынан жаралаған

Солтүстік Қазақстанда бір жігіт 3 ауылдасын аңшы мылтығынан жаралаған

Солтүстік Қазақстан облысында 24 жастағы жігіт 17, 18 және 24 жастағы үш ауылдасын аңшы мылтығынан жаралаған, деп хабарлайды СҚО ІІД баспасөз қызметі.

  • 19 Шiлде 2011
  • 498
Фото - Caravan.kz

«Айыртау ауданы Имантау ауылының 24 жастағы тұрғыны бұзақылық жасап, үш жергілікті тұрғынды жаралағаны үшін қамауға алынды. Одан тіркелмеген аңшы мылтығы тәркіленді», — деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметі,

Полицияның ақпаратына сәйкес, жас жігіт ауылдастарымен дауласып, қару алып, кек өш алмақ болған. Өзін ренжіткен жігіттерді мотоциклға мініп қуған. Тергеушілер жігіттердің дауына не себеп болғанын анықтап жатыр.

«Қарудан жарақат алған үш жігіт ауруханаға көмек сұрап келген: екеуі аяқтарынан жараланса, біреуі кеудесінен жанама жарақат алған. Мотоцикл (олар мінген мотоцикл — ҚазТАГ)да бүлінген», — деп хабарлайды полиция.

Күдікті уақытша тергеу оқшаулағышында отыр.

«Ол өз кінәсінан бас тартқан жоқ, қаруын жасырған орынды да көрсетті. Қаруы тіркелмеген болып шықты. Ол оны әжесінің үйінде, шатырдың үстінен тауып алғанын айтқан. Бірақ тапсыруға асықпаған», — дейді полицеия.

Күдіктіге қатысты бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, ол 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.