Солтүстік Қазақстанда болған жол апатынан ресейлік бір отбасы қырылып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A


Солтүстік Қазақстанда болған жол апатынан ресейлік бір отбасы қырылып қалды

Солтүстік Қазақстанда болған жол апатынан ресейлік бір отбасы қырылып қалды

Жезқазған-Петропавл тас жолында орын алған жол апатынан төрт адамнан тұратын бүтін бір отбасы о дүниелік болды. Олар – Ресей азаматтары.

  • 2 Тамыз 2011
  • 471
Фото - Caravan.kz

Ерлі-зайыптылар мен олардың 13 және 8 жастағы екі қызы оқиға орнында жан тәсілім етсе, көлікте бірге болған 22 жастағы туысы ауруханада хал үстінде жатыр. Тергеушілердің болжамы бойынша, жол апаты көлік жүргізушісінің қалғып кетуінен орын алуы мүмкін. Ресей азаматтары Қостанай облысының Рудный қаласында тұратын туыстарына барып, сол жақтан елдеріне қайтып бара жатқан еді.

Әбілсейіт Жолаушин, СҚО ІІД Жол полициясы басқармасының  инспекторы:


— Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалып, көлік жол жиегіне шығып кетіп аударылған. Сондай-ақ, ол қалғып кеткен немесе бір нәрсеге алаңдаған болуы мүмкін. Апат орнын тексере келе, жолаушылардың сапар барысында қауіпсіздік белдігін тақпағандығын анықтадық. Себебі, машина аударылғанда, адамдар көлік терезелерінен  сыртқа ұшып кеткен.

Соңғы жаңалықтар