Солтүстік Қазақстанда екі жүк көлігі соқтығысты - kaz.caravan.kz
  • $ 518.53
  • 588.17
+13 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстанда екі жүк көлігі соқтығысты

Солтүстік Қазақстанда екі жүк көлігі соқтығысты

Солтүстік Қазақстан облысында Астана-Петропавл автожолының 473 метрінде екі жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

  • 25 Қазан 2017
  • 171
Фото - Caravan.kz

Алдын ала мәлімет бойынша, 51 жастағы IVECO көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне  шығып кетіп, "ГАЗ 330202-14" көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан IVECO жүк көлігі аударылып, "ГАЗ" автокөлігі бүлінді. 

Департаменттің хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ. Жол апаты болған жерде жергілікті полиция қызметі қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз еткен.