Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов мәлім етті.
«Ағымдағы жылдың шілде айында біз жеңіл атлетикаға арналған манежі бар жабық мұз айдынының құрылысын бастадық. Өз баяндамамда атап өткенімдей, мұз айдыны Олимпиада чемпионы, велошабандоз Александр Винокуровтің есімімен аталатын болады. Айтпақшы, онда велошабандоздардың жаттығуы үшін арнайы орын болады. Өздеріңіз білетіндей, веложарыста Солтүстік Қазақстан мықты. Біздерде бірнеше әлем чемпионы мен Олимпиада чемпионы бар», — деді облыс басшысы.
Е.Сұлтанов өз сөзінде келер жылдың қыркүйек айында аталған спорт нысанының пайдалануға берілетіндігін атап өтті.
«Біз Петропавл қаласының жоғары лигада ойнайтын хоккей командасын құру бағытындағы жұмыстарды жүргізудеміз. Сондықтан да жоғары лиганың келесі хоккей маусымында Петропавл қаласы командасының да ойнайтындығына сенімдімін», — деді Е.Сұлтанов.