Солтүстік Қазақстанда жол апатынан төрт адам қаза тапты, біреуі жас сәби, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желі қолданушылары Булаево-Қоскөл тас жолындағы апат орнында түсірілген видеоны жариялаған. Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, ВАЗ 2110 мен "Фольксваген универсал" бетпе-бет соқтығысыпты.
"ВАЗ 2110 жүргізушісі мен оның әйелі бірден ажал құшқан, "Фольксваген" жүргізушісі оқиға орнында қаза тауып, бір айлық сәби ауруханада шетінеп кетті, тағы екі әйел зардап шеккен – біреуі өлім ауызында жатыр, екіншісі қатты қорқып, есеңгіреп қалған", — деп жазады жол апатының куәгерлері.
СҚО ішкі істер департаменті баспасөз қызметінде жантүршігерлік жол апаты туралы ақпаратты растады.