Солтүстік Қазақстанда жол апаты 4 адамның өмірін жалмады
|
Солтүстік Қазақстан облысында жол апаты төрт адамның өмірін жалмады. Тағы төрт адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Жол апаты Жаңажол елді-мекені маңында болды. “Москвич” жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, басқа көлікпен бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан Москвичтегі төрт адам оқиға орнында көз жұмды. Олардың бірі-құрсағында сегіз айлық шаранасы бар жүкті әйел екен. Ал оның сол көлікте бірге болған күйеуі тірі қалғанымен, әлі есін жиған жоқ. Тойотаның үш жолаушысы да түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін