Солтүстік Қазақстандық және Омбылық сауда-өнеркәсіптік палаталар шекаралық ынтымақтастық жобасын жүзеге асыра бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстандық және Омбылық сауда-өнеркәсіптік палаталар шекаралық ынтымақтастық жобасын жүзеге асыра бастады

Солтүстік Қазақстандық және Омбылық сауда-өнеркәсіптік палаталар шекаралық ынтымақтастық жобасын жүзеге асыра бастады

Солтүстік Қазақстандық және Омбылық сауда-өнеркәсіптік палаталар шекаралық ынтымақтастық жобасын жүзеге асыра бастады. "Еуразия" қорының қолдауына ие болған бұл жоба ЮСАИД пен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымынан бөлінген қаржы есебінен жүзеге асырылуда. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық сауда-өнеркәсіптік палатасының төрайымы Нелли Кукушкина хабарлады.

  • 7 Қараша 2003
  • 511
Фото - Caravan.kz

Н.Кукушкинаның айтуынша, 11-қарашада Солтүстік Қазақстандық өкілдер Омбыға жол тартып, төрт күн бойы онда сауда-экономикалық миссиямен айналысады. Сапардың басты мақсаты екі мемлекеттің көршілес аймақтарының сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысушылары арасында әріптестік байланыстар орнату және шекаралық сауда-саттықты пәрмендендіруге саяды. Ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай мүмкіндік «кедендік бекеттердегі сансыз тауқыметтер шешілген жағдайда» ғана пайда болмақ. Н.Кукушкинаның атап көрсетуінше, «солтүстік қазақстандық кәсіпкерлер үшін тауарларды Ресей шекарасында кедендік рәсімдеуде туындайтын сөзбұйдалық шырғалаңдар ең үлкен проблемаға айналып отыр». Соған қарамастан Солтүстік Қазақстан облысының жалпы тауар айналымының шамамен 20 проценті Омбы облысының үлесіне тиеді.

Солтүстік Қазақстандық өкілдер құрамына аймақтағы әр салада еңбек ететін 20-ға жуық ірі кәсіпорындардың өкілдері қамтылды. Кәсіпкерлер Омбыда ресейлік әріптестерімен жүздесіп, мүмкін болса жаңа іскерлік байланыстарды жолға қаяды. Сондай-ақ, Омбыға Ресейдің Тольятти қаласынан да кәсіпкерлер келеді деп межеленген. Бұл екі жақ бизнесмендерінің болашақ ынтымақтастығы үшін тың мүмкіндіктер ашпақ.
Бір жылға есептелген жоба аясында жүзеге асырылатын ең ауқымды шаралардың бірі — осы жолғы Омбыға жасалатын сауда-экономикалық миссия болмақ. Омбылық кәсіпкерлердің Петропавлға жауап сапарымен бірге, сауда-өнеркәсіптік қос палатаның базасында ресурстық орталықтар құру жоспарланып отыр. Онда екі аймақтағы барлық кәсіпкерлер мен саудагерлер туралы, кедендік заңнамалар туралы ақпарат жарық көреді. Сондай-ақ, 2004-жылдың басында екі ел заңдарына қатысты әртүрлі мәселелерге түсініктеме беретін бірлескен кітапшалар шығару көзделген.

Соңғы жаңалықтар