«Бұл біз үшін өте маңызды оқиға. Аспанда «Астана Жұлдызы» атты жұлдыз пайда болды. Қазақстан эстрада жұлдыздарының өз жұлдызы бар екенін дәлелдейтін сертификат та қолымызда», — деді ол.
"Ғарыш-Жер" халықаралық жұлдыздар кітапшасында тіркелген 14-ші көлемдегі жұлдыздың (телескоппен көруге болады) орналасқан жері: батысы 09 24 44.34 және шығысы 20 06 15.2.
Айта кетейік, Астана қаласы әкімдігі «Астана Жұлдызы. Ұлттық музыка бәйгесін» алғаш рет былтыр Астана күнінің 15 жылдығына орай ұйымдастырды. Алғашқы қадамнан-ақ "Астана жұлдызы. Ұлттық музыка бәйгесі" Қазақстан музыка өндірісіндегі ең беделді, шоу-бизнестегі ең жарқын жобаға айналды. Былтыр бәйгенің лауреаты атанған танымал әртістер: Роза Рымбаева, "МузАРТ", "Ұлытау", "Musicola", "Kesh You", Маржан Арапбаева және басқалар болды.
"Астана жұлдызы. Ұлттық музыка бәйгесі" әлемдегі ең танымал музыкалық бәйгелер ережесіне сай жүргізіледі. Жобаның басты ерекшелігі — жүлдегерлерді таңдаудағы кәсібилік. Отандық музыканың дамуына үлес қосқан өнерпаздарды құрамында 100 кәсіби маман — еңбегі сіңген әртіс, продюсерлер, композиторлар, ақындар, музыка және fashion-өндіріс мамандары, БАҚ өкілдері бар Қазақстанның музыкалық академиясы таңдайды. Дауыс берудің осы жүйесі әлемдік деңгейде қолданылып жүр.


