Жарияланды: 190

Солтүстік жұртын шошытқан белгісіз нысан Ресейден ұшырылған зымыран екен

Солтүстік тұрғындарын шошытқан белгісіз нысан жер серігі болып шықты. Аспандағы ерекше құбылысты Петропавл, Көкшетау мен Астана халқы кеше кешке байқаған болатын. Конус тәріздес жарық – Плесецк ғарыш айлағынан ұшырылған «Союз 2.1б» зымыраны екен.

Аспанда пайда болған белгісіз нысан Сібір жұртын да дүрліктірген. Тұрғындар оны жаппай фото мен видеоға түсіріп, ғаламторда талқыға салды. Онда әркім өз болжамын айтты. Бірі көрінген жарықты метеорит десе, бірі құйрықты жұлдыз деп топшылады. Көктегі көрініс бірнеше секунд қана көзге көрініп, жоқ болып кеткен. Ал астрономдар жарқ етіп көрінген нысанның Плесецкіден ұшырылған жер серігі екенін айтып отыр. Зымыран атмосфераның жоғары қабатына жету үшін әуелі Жерді айналып ұшып шығады екен. Ал, мұндай құбылыс кей өңірлерге көрінуі мүмкін.

Виктор Тейфель, В.Фесенков атындағы астрофизика институтының профессоры:

– Жер серігінің Қазақстанның солтүстігі мен Сібірдің шығыс өңіріне көрінетіні алдын-ала белгілі болған.  Ғаламтордағы видеоларға қарағанда пайда болған жарықтың зымырандікі екені анық байқалады. Құбылыс ымырт кезінде байқалды. Сондықтан ол өте әдемі болып көрінген. Одан қорқудың қажеті жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін