Солтүстік-батыс орман өнеркәсібі компаниясы азық-түлік өнімдерімен тікелей жанастыруға болатын қағаздардың бірінші партиясын шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік-батыс орман өнеркәсібі компаниясы азық-түлік өнімдерімен тікелей жанастыруға болатын  қағаздардың бірінші партиясын шығарды

Солтүстік-батыс орман өнеркәсібі компаниясы азық-түлік өнімдерімен тікелей жанастыруға болатын қағаздардың бірінші партиясын шығарды

6-9-сәуір аралығында Солтүстік-батыс орман өнеркәсібі компаниясы "ҚазУпак/ҚазПринтМедиа" деп аталатын екінші Орта-Азиялық халықаралық көрмеге қатысады. Көрме Алматыдағы Атакент көрме кешенінде өтеді,- деп хабарлайды Солтүстік-батыс орман өнеркәсібі компаниясының (РФ) баспасөз қызметінен .

  • 5 Сәуiр 2004
  • 849
Фото - Caravan.kz

Көрмеге орай Солтүстік-батыс орман өнеркәсібі компаниясы Неман целлюлоза-қағаз комбинатында кедергілік қасиеттері жақсартылған подпергамент қағазының бірінші партиясын шығарды. Подпергамент — азық-түлік өнімдерімен тікелей жанаса алатын, биологиялық инертті, ауа өткізгіштік қасиеті бар, ылғалға төзімді материал. Басқаша айтқанда, оған оралған өнімдер «тыныс алу» қабілетіне ие. Сондай-ақ, бұл — жылуға мейлінше төзімді материал. Ол Цельсий өлшемі бойынша 210-230 градусқа дейінгі температураға төзімді. Подпергамент қағазына оралған тағамды қысқа толқынды пеште қыздыруға болады.

«Компанияның азық-түлік өнімдерін орауға арналған түрлі қағаздары Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстан рыногінің 60 процентін иемденеді. «П», «ПЖ» және «ЖВ» маркалы жаңа подпергамент Қазақстандық әріптестерімізге арнап жасалған. Оны пайдалану компания клиенттеріне май, сүт, тәтті-дәмді өнімдер, шай және кептірілген жеміс өнімдерінің экспорты мөлшерін арттыруға жәрдемдеседі деп сенеміз. Орта Азияда осындай барлық өнімдерді орау мақсатында подпергамент пайдаланылады. Арнайы қағаздың жақсартылған барьерлік қасиеттері өнімдерді ұзақ сақтауға мүмкіндік береді. Демек, экспорттаушылар оларды шалғай аймақтарға жөнелте алады»,- деді Солтүстік-батыс орман өнеркәсібі компаниясының коммерциялық директоры Вадим Харитонов.
Солтүстік-батыс орман өнеркәсібі компаниясының құрамындағы негізгі өнеркәсіптер санатына Неман целлюлоза-қағаз комбинаты мен Каменногорск офсетті қағаздар фабрикасы енеді. Бұл кәсіпорындар подпергамент, офсетті қағаз, гофрирлеуге арналған қағаз, орама қағаздар, тұсқағаздарға арналған негіздеме тәрізді қағаз түрлерінен жылына 100 мың тонна өндіреді. Солтүстік-батыс орман өнеркәсібі компаниясының кәсіпорындарында күніне 1,5 млн. тонна қағаз шығарылады. Солтүстік-батыс орман өнеркәсібі компаниясы ай сайын «Grand» брэндімен А4 форматты 700 тоннадай кеңсе қағазын өндіреді.

Соңғы жаңалықтар