Жарыс қорытындысы бойынша солтүстікқазақстандық екі жеңіл атлет Қытайда өтетін Азия ойындарына қатысу құқығын жеңіп алды.
Олар — ұзындыққа үш дүркін секіруден 16,96 метр нәтиже көрсеткен республика чемпионы Евгений Эктов пен 800 метрлік қашықтыққа жүгіруде 2 минут 04,37 секунд көрсеткішпен «алтын» жеңіп алған Маргарита Мацко. Жарыс қорытындысы бойынша олар ағымдағы жылдың қараша айында Қытайда өтетін Азиялық ойындардың іріктеліміне өтті.
Сондай-ақ ұзындыққа секіруде 7,54 метр көрсеткішпен Евгений Эктов, 1500 метрге жүгіруде 5 минут 40,15 секунд көрсеткішке қол жеткізген Анна Пяткова, найза лақтыруда 55,08 метр нәтиже көрсеткен Станислав Фирсов және балға лақтыруда 36,66 метр нәтиже көрсеткен Мария Вакульчик жарыстың күміс жүлдегерлері атанды.
Солтүстік Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бесінші орынды қанағат тұтты. Командалық есепте бірінші орынды — Шығыс Қазақстан спортшылары жеңіп алса, екінші орынды — Алматы облысының, үшінші орынды — Қарағанды облысының құрамалары иеленді.