Солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер жанармай бағасын қалауынша көтерген - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер жанармай бағасын қалауынша көтерген

Солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер жанармай бағасын қалауынша көтерген

Солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер өңірде жанармай бағасын өз беттерінше реттеуге көшкен. Облыс орталығында бензин құны Үкімет бекіткен деңгейде болғанымен, шаһар сыртындағы бекет иелері сұйық отынды ойларына келген бағаға саудалауда. Жауапты шенеуніктер болса мәселені бір-біріне сілтеп отыр. 

  • 28 Шiлде 2011
  • 441
Фото - Caravan.kz

Үкімет қаулысына сай қазір еліміздің жанармай бекетттерінде АИ 92 маркалы бензиннің бағасы бүгінге дейін 102 теңгеден аспауы тиіс еді. Петропавлда бұл талап сақталған. Бірақ қаладан шыға берсеңіз, жағдай өзгеше. Қаладан 80 шақырым қашықтықта орналасқан мына бекетте АИ 92 маркалы бензиннің бір литрі 112 теңгеден саудаланып жатыр. Арзан жанармай іздеген тұрғындар көрші ауылдарға сабылуда. Бұл өз ретінде қосымша шығын.Қалаға жақындаған сайын бензин бағасы да арзандай бастайды. Мына бекетте ең көп сұранысқа АИ-92 бензинінің литрі 110 теңгеден екен.

Төлепберген Иманбайыров, жанармай бекетінің қызметкері:

-Бензиннің бағасы 110  болып бір ай болды көтерілгеніне. Ақшалары жоқтар айғайлады. Мынау масқара ғой неге, көтеріп жатырсыңдар деп.

Көлігі бар ауылдықтар әдетте арзан азық-түлік пен киім-кешек іздеп аптасына бір рет қалаға сабылатын. Жанармай бағасы қымбаттаған сайын  қаламен қатынас та азайған. 

Арнұр Шопанаев, көлік жүргізушісі:


-Қалаға бір барып келу үшін бес мың ақша кетеді. Одан да автобуспен барамыз. Мың теңге барып-келу. Жылдан жылға қымбаттап жатыр,  күзге қарай 150 теңгеге  барады деп жұрт солай шулап жатыр.

Айта кетерлігі облыс орталығынан тыс жердегі жанармай бекеттеріндегі бағаны ешкім бақыламайды. Монополияға қарсы   агенттік тек нарықта басымдығы бар екі жанармай бекеті желілеріндегі бағаны ғана реттеуге құзыры бар екен. Қалғандарындағы бензин құнын министрліктің тапсырмасына сай жерглікті билік өкілдері қадағалауы тиіс. Бірақ олардың да бекет басшыларына сөзін өткізетін шамалары жоқ болғандықтан, бұл міндеттен ат тонын ала қашып отыр.

Тотыкамал Құлжанова, СҚО өнеркәсіп және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бастығы:

-Біз, яғни Солтүстік Қазақстан облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлікті дамытубасқармасы бағаны қадағалай алмайды. Біздің міндетіміз де емес.

Соңғы жаңалықтар