Солтүстікқазақстандық төрт спортшы ҮІІ Азия ойындарына қатысуға үміткерлер қатарында - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
0 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстікқазақстандық төрт спортшы ҮІІ Азия ойындарына қатысуға үміткерлер қатарында

Солтүстікқазақстандық төрт спортшы ҮІІ Азия ойындарына қатысуға үміткерлер қатарында

2011 жылғы ҮІІ қысқы Азия ойындарына Солтүстік Қазақстан облысының төрт спортшысы қатыспақшы.

  • 4 Қазан 2010
  • 572
Фото - Caravan.kz

Олардың үшеуі — белгілі солтүстікқазақстандық спортшы-конькишілер, халықаралық санаттағы спорт шеберлері Дмитрий Бабенко, Роман Креч пен Татьяна Сокирко. Дмитрий мен Роман биылғы жылы Ванкуверде өткен қысқы Олимпиадалық ойындарға қатысқан.

Азиада-2011-ге қатысуға үміттеніп отырғандардың тағы біреуі спорттық бағдарлаудан ҚР қазіргі чемпионы Аслан Тоқбаев. Ол осы спорт түрінен Алматыда биылғы жылдың наурызында өткізілген үшкүндік жарыстар барысында алтын медальді жеңіп алған еді.