Жарияланды: 520

Солтүстікқазақстандықтар екі мереке тойлауда

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары Астана күні мен Петропал күнін қатар тойлап жатыр.

Мерекенің салтанатты ашылуы сағат 11.00-де Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің алдында, Мағжан Жұмабаев атындағы көшеде болды. Салтанатты ашқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Самат Ескендіров: «Құрметті сотүстікқазақстандықтар! Шын жүрегімнен мемлекеттік мереке Астана күнімен құттықтаймын. Бұл күн тек Астана тұрғындары үшін ғана емес, әрбір қазақстандық үшін айтулы күн», - деді. Петропавл қаласының күнімен қала тұрғындарын шаһар басшысы Нұрлан Әшімбетов құттықтады. Әкім петропавлдықтар аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосатынын айта келе облыс орталығының тұрғындарына грамоталар мен сыйлықтар табыс етті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін