Солтүстікқазақстандықтар екі мереке тойлауда - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+15 °C
Алматы
2025 Жыл
1 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстікқазақстандықтар екі мереке тойлауда

Солтүстікқазақстандықтар екі мереке тойлауда

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары Астана күні мен Петропал күнін қатар тойлап жатыр.

  • 7 Шiлде 2011
  • 504
Фото - Caravan.kz

Мерекенің салтанатты ашылуы сағат 11.00-де Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің алдында, Мағжан Жұмабаев атындағы көшеде болды.

Салтанатты ашқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Самат Ескендіров: «Құрметті сотүстікқазақстандықтар! Шын жүрегімнен мемлекеттік мереке Астана күнімен құттықтаймын. Бұл күн тек Астана тұрғындары үшін ғана емес, әрбір қазақстандық үшін айтулы күн», — деді.

Петропавл қаласының күнімен қала тұрғындарын шаһар басшысы Нұрлан Әшімбетов құттықтады. Әкім петропавлдықтар аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосатынын айта келе облыс орталығының тұрғындарына грамоталар мен сыйлықтар табыс етті.