Осы жастағы тағы бір қыз ана болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Петропавловск.news» сілтеме жасап.
Аймақта барлығы 15 пен 49 жас аралығындағы бала көтере алатын жастағы 116 мыңнан астам әйел тұрады. 2880 әйел жүктілік бойынша диспансерлік есепте тұр. Олардың 52 пайызы әртүрлі жыныстық патологиялардан зардап шегеді. Ал 25 әйелді дәрігерлер «қолмен» бақылайды, өйткені жүкті болуға болмайды.
Облыстың денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс акушер-гинекологы Елена Калюжнаяның айтуынша, барлық жүкті әйел өңірдің медициналық мекемелерінде есепте тұр.
«Облыстағы жасөспірім қыздар саны 10 950. Төрт пайызы ауыр жыныстық патологиядан зардап шегеді. Барлығы есепте. Ерте жүктіліктің зиянын түсіндіруде үлкен рөл атқарамыз. Жастар орталықтарында әңгімелесулер өткіземіз, тіпті контрацепция құралдарын тегін береміз. Өкінішке қарай, биыл төрт жасөспірім қыз медициналық түсік жасатқан», — деді Елена Калюжная.
Облыста барлығы 18 отбасын жоспарлау кабинеті жұмыс істейді, яғни әрбір емханада. Кез келген әйел кеңес алу үшін тегін жүгіне алады, ал кейбіреулеріне тіпті контрацептивтер беріледі.
Сондай-ақ, облыс аумағында 8-800-080-81-50 анонимді сенім телефоны бар. 5 айда оған 114 адам жүгінді.