«Мен сегіз жыл қарақшылықпен айналыстым, енді онымен қош айтыспақпын. Бүгінгі күннен бастап мен бұл қылмысқа қатыспаймын», — деді «Үлкен ауыз» деген лақаппен танылған Мұхаммед Әбди Хасан африкандық журналистерге.
Бірақ, ол неліктен мұндай шешім қабылдағанын айтқан жоқ.
«Өзіммен бірге жүрген үзеңгілестерімді де үгіттедім. Олардың көбісі менің ақылымды тыңдап, қарақшылықты қойды», — деп сендірді ол.