Лаңкестік әрекеттен 9 адам қаза тауып, тағы алтауы жарақат алған.
Полицияның мәлімдеуінше, экстремистер көлік өтетін жерге бомбаны алдын ала жасырып қойған. Құрбандар арасында 2 Кения, 7 Сомали азаматы бар. Олардың 4-еуі ЮНИСЕФ қорында жұмыс істеген екен. Тағы 4 қызметкер ауыр халде жатыр. Лаңкестік әрекетті атышулы «Әл-Каидамен» байланысты «Аш-Шабаб» радикалдары өз мойнына алды.