Сон Паскаль жаңа әніне Астанада реалити-шоу жанрында бейнебаян түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сон Паскаль жаңа әніне Астанада реалити-шоу жанрында бейнебаян түсірді

Сон Паскаль жаңа әніне Астанада реалити-шоу жанрында бейнебаян түсірді

Белгілі итальяндық әнші Сон Паскаль өзінің «Махаббат» деп аталатын жаңа әніне Астанада реалити-шоу жанрында бейнебаян түсірді.

  • 5 Желтоқсан 2013
  • 407
Фото - Caravan.kz

Қазақ тілінде ән айтып, халқымызды әлемге танытып жүрген өнерпаз өзінің тыңдармандарын кезекті жаңалығымен қуантып қана қоймай, бұл жолы тіпті таңғалдырды. Ол қолына камера алып, жаңа туындысы — «Махаббат» әнін айта жүріп, бір күнде Астана қаласын аралап шыққан. Сапарын басты көшелерден бастаған әнші Есіл бойының көрікті жерлерін, қалалық №4 мектеп, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, әуежай, «Хан шатыр», «Керуен» ойын-сауық орталықтары мен спорттық жаттығу орындарын аралап бәрін бейнебаянға түсіріп отырған. Бұл жолы өзін әнші, сазгер ретінде ғана емес, сонымен бірге оператор және режиссер ретінде танытқан Сон Паскальдың «Махаббат» әнінің сөзін жас ақындар жазса, сазын әншінің өзі шығарған. Ондағы негізгі тақырып ғашықтық пен сүйіспеншілік.


ВИДЕО 

Перейти к новостям спорта